Саутгейттікі – антифутбол. Комментатор бай болуы керек. Лудоманияға бәріміз қарсымыз

Редактор
23.06.2024, 00:58

«Бірінші бол» YouTube-каналында кезекті подкаст жарық көрді

коллаж: 1bol.kz

Футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің екінші тур ойындары аяқталуға жақын. Жарыс қожайындары – Германия құрамасы ең бірінші болып плей-офф кезеңіне жолдама алса, Польша бірінші болып плей-оффтан үмітін үзді. Левандовский бастаған команда екі ойында да жеңіліп отыр.

Ал, «Бірінші болдың» кезекті қонақтары – спорт комментаторы Әлімжан Асқар мен блогер Сүлеймен Бөріхан Гарет Саутгейт жаттықтыратын Англия құрамасын қатаң сынап отыр. Екі тур бойы сүреңсіз ойын көрсеткен ағылшындар топтан шыға алмай қалуы да мүмкін. Өйткені, Саутгейт шәкірттеріне футбол емес, антифутбол ойнатып жүр дейді Әлімжан Асқар.

Ал, Олжас Байбосын болса Еуроның сенсациясын Словакия жасауы мүмкін дейді. Сербтер де өр мінезінің арқасында топтан шығуы тиіс деген пікірде «Бірінші болдың» басты жүргізушісі.

Танымал футбол блогері Сүлеймен Түркияның топтан шығатынына еш күмән келтірмейді. Дегенмен, олар Португалияны ұтуы екіталай. Бұл топта бар мәселе үшінші турда шешіледі.