Күзетші Түркияның бас бапкерін танымай қалды (ВИДЕО)

Редактор
23.06.2024, 01:49

Түркия бұл матчта 0:3 есебімен ұтылып, өз қақпасына автогол да соғып алды

DEAN MOUHTAROPOULOS/GETTY IMAGES

Футболдан Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Түркия мен Португалия кездесуінде тосын жағдай орын алды. Ойыншылар стадионға шығатын дәлізде күзетші Түркия бас бапкерін танымай, одан бейдж көрсетуді талап етті.

Винченцо Монтелла мән-жайды түсіндіріп көруге тырысқанымен, күзетші қасқайып тұрып алды. Бұл әрекет бас бапкердің шамына тисе керек, ол бейджін күзетшінің көзіне шұқып көрсеткісі келді.

Айта кетейік, бапкер үшін бұл күн аса сәтті болмады. Шәкірттері Португалиядан оңбай ұтылып (0:3), тіпті өз қақпасына автогол да соғып алды.

Осылайша, Португалия құрамасы қатарынан 8-рет Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты.