Бақтиер Зайнутдинов Анхель Ди Мариямен бір командада ойнауы мүмкін

Редактор
24.06.2024, 10:45

Бұған дейін қазақстандық футболшы «Зенит» сапына ауыспайтынын мәлімдеген болатын

Getty Images

АҚШ құрамасының бұрынғы қақпашысы Брэд Фридель Түркияның «Бешикташ» клубының трансферлік мәселелер бойынша кеңесшісі ретінде тағайындалды.

Ол жұмысқа кірісе сала бірнеше ойыншының трансферлік шорт-листке кіргенін жазды, олар: Анхель Ди Мария, Матс Хуммельс және Эмерик Ляпорт.

Осылардың арасында Ди Мария мен Хуммельстің келісімшарты өз клубтарында осы айдың соңында аяқталады. Ал Ляпорт «Әл-Насрмен» 2026 жылдың аяғына дейін келісім жасаған.

Сондай-ақ Фридель «Бешикташ» басшылығына Альберт Грёнбек («Будё-Глимт»), Бертуг Йылдырым («Ренн»), Юсуф Языджи («Лилль») секілді ойыншыларға назар аударуды сұраған.

Айта кетейік,«Бешикташ» сапында Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов те өнер көрсетеді. Соңғы бірнеше күннен бері оның ресейлік «Зенит» сапына ауысатынын туралы ақпарат тарағанымен, футболшының өзі де, әкесі де бұл ақпаратты жоққа шығарды.