Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері жаңа қызметке барды

Редактор
26.06.2024, 09:47

Ол бапкерлік мансабын 1996 жылы «Қайрат» футбол клубында бастаған

kazfootball.kz

Қазақстан футболының аңызы, кеңестік және қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы, Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Вахид Масудов «Алтай Өскемен» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды.

Ол бапкерлік мансабын 1996 жылы «Қайрат» футбол клубында бастап, одан әрі қарай «Тараз», «Атырау», «Ақтөбе», «Ордабасы», «Мақтарал», 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасын жаттықтырған.

Сондай-ақ клубтың жаттықтырушылар құрамына жергілікті мамандар, жаттықтырушының көмекшісі - Вячеслав Александрович Зинюков, дене шынықтыру жаттықтырушысы - Егор Сергеевич Скулкин, қақпашылар жаттықтырушысы - Илья Евгеньевич Байтеряков кірді.

Айта кетейік, «Алтай Өскемен» футбол клубы бірінші лигада ойнайды. Қазір өскемендік команда турнир кестесінде 13 ұпаймен 10-орында тұр. Клубтың келесі ойыны 28 маусымда «Жетісайға» қарсы өтеді.