Америка кубогі: Аргентина екінші ойынын жеңіп, топтан плей-офф кезеңіне шықты

Редактор
26.06.2024, 09:18

Аргентрна құрамасы Америка кубогінің соңғы чемпионы

AFP

АҚШ-та өтіп жатқан футболдан Америка кубогінің топтық тойындары жалғасып жатыр. A тобында өнер көрсетіп жатқан Аргентина құрамасы қатарынан екі матчта жеңіске жетіп, топтан плей-офф кезеңіне шықты.

Лионель Скалони шәкірттері екінші ойында Чилимен кездескен болатын. Матчта қызықты сәттер көп болғанымен, жанкүйерлер ойынның соңына дейін соғылған гол көрген жоқ. Тек 88-минутта аргентиналық шабуылшы Лаутаро Мартинес дәл соққысымен көзге түсіп, командасына жеңіс алып келді.

Бұл ойында Лионель Месси 90 минут бойы алаңда болды. Алайда, әлемнің ең үздік футболшысы пайдалы әрекетпен көзге түскен жоқ.

Айта кетейік, Аргентрна құрамасы Америка кубогінің соңғы чемпионы. Олар аталған турнирді 15 рет жеңіп алған.