Грузия құрамасының бас бапкері шәкірттерін қалай шабыттандырғанын айтты

Редактор
27.06.2024, 19:51

Грузия Еуропа чемпионатының 1/8 финалына шықты

Sputnik / Stringer

Футболдан Грузия құрамасының бас бапкері 47 жастағы Вилли Саньоль шәкірттерінің тарихи жетістігіне қатысты пікір білдірді. 

Естеріңізде болса, француз маманы баптайтын құрама 26 маусымнан 27 маусымға ауған түні Португалияны ұтып (2:0), өзі алғаш рет қатысып отырған Еуропа чемпионатының 1/8 финалына шықты. 

«Шыны керек, ойыншыларға матч алдында не айтқаным есімде жоқ, бірақ сөздерім өз футболымызды көрсетуіміз керек деген сарында болатын. Допқа қарсылас иелік етіп жатқан кезде, тәртіпке бағынып, доп бізде кезде барымызды салып ойнау керек дедім. 16-17 жастарыңда қалай ойнағандарыңды естеріңе түсіріңдер дедім. Олар артылған үмітті өте жоғары деңгейде ақтап шықты. Өзің алаңда ойнаған мен алаңның шетінде тұруды салыстыру қиын екен», - деді Грузияның бас бапкері Вилли Саньоль.

Француз маманы үшін де бұл ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже. Ол Грузия құрамасының тізгінін 2021 жылы алған.

Материалда: