Өзбекстан 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысуы мүмкін

Редактор
27.06.2024, 16:45

2026 жылғы әлем чемпионатының үшінші раундының жеребесі тартылды

Tribuna.uz

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына алғаш рет 48 құрама қатысады. Сондықтан Азия құрлығына квота көбейіп, 8 құрама мүмкіндік берілген. Осы ретте Өзбекстан жолдама алуы мүмкін.

Малайзия астанасы Кулала-Лумпурде Азия футбол конфедерациясы бойынша 2026 жылғы әлем чемпионатының үшінші раундының жеребесі тартылды. Өзбекстан Қырғыстан, Корея халықтық демократиялық республикасы, Иран, Катар, БАӘ құрамаларымен бір топқа түсті.

Жалпы 18 құрама үш топқа алтаудан бөлінген. Олар екі айналым өткізеді. Сосын әр топтағы екі үздігі тікелей әлем чемпионатына жолдама алады. 
Ал үшінші және төртінші орынға тұрақтаған құрамалар үш командадан екі топқа бөлінеді. Әр топтың жеңімпаздары мундиальға барады. 

2026 жылғы әлем чемпионатының үшінші раунды, Азия аймағы:

А тобы: Иран, Катар, Өзбекстан, БАӘ, Қырғызстан, КХДР;
B тобы:  Корея республикасы, Ирак, Иордания, Оман, Палестина, Кувейт;
С тобы: Жапония, Аустралия, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Қытай, Индонезия.

Матчтар 5 және 10 қыркүйек, 10 және 15 қазан, 14 және 19 қазан және 20 және 25 наурыз және 5 және 10 маусым күндері өтеді. 

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатын АҚШ, Мексика, Канада қабылдайды.