Черчесов жылына 600 млн теңге жалақы алады – депутат

Редактор
28.06.2024, 02:11

Есесіне, Еурода сенсация жасаған Грузия бас бапкері жылына 100 млн теңге шамасында жалақы алады

Sputnik / Владислав Воднев

Футолдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов айына 50 миллион теңге, яғни жылына 600 миллион теңге жалақы алады екен. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенбай өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Мәжіліс депутаты Черчесовтың айлық жалақысы 4 миллион теңгеден аспауы керек деп есептейді. Дәл сондай талаппен петиция жариялауды да журналистерге ұсынды.

«Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкерінің 1 айлық еңбекақысы шамамен – 50 000 000 теңге. Ал, 1 жылдық еңбекақысы – 600 000 000 теңге еңге деген ақпарат тарады. Қазір болып жатқан құрлықтық ЕУРО-2024 доп додасында сенсация жасаған Грузия ұлттық құрамасының бас бапкері – француз Вилли Саньольдың еңбекақысы: айына – 8 300 000 теңге, жылына – 100 000 000 теңге. Оның 1 жылдық еңбекақысын біздің бас бапкер 2-ақ айда алады», - деп жазды Нартай Аралбайұлы. 

Еске салайық, Черчесовтың жалақысы 50 миллион теңге шамасында болатыны бұған дейін хабарланған еді. Алайда, ҚФФ президенді Әділет Бәрменқұловтың өзі бұл ақпаратты жоққа шығарып, бас бапкердің айлқ жалақысы одан әлдеқайда аз болатынын айтқан. Сондай-ақ, бұл қаражаттың мемлекет бюджетінен төленбейтінін де жеткізді.