Ресейлік маман қазақ тілін үйренудің алғышартын жасап, курсқа барған
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Metaratings-ке берген сұхбатында қазақ тілін үйренуге қатысты жоспарын айтып, 2019 жылы Астанада өткен баспасөз конференциясын еске алды.
Естеріңізде болса, сол жиында ол қазақ тілін түсінетінін айтқан.
«Аудиторияны сезесің ғой. Сол кезде залдағылар үнсіз отырғандай көрінді. Осы сауалды қойғанда, менің жауабымнан соң отырғандар кішкене сергісе екен дедім. Тілді түсіну үшін үңілу керек. Көреміз. Венгр тілі өте қиын, шын айтамын. Мажарлар қазақтарға алыс туыс болып келеді дейсіз бе? Бәлкім солар шығар мені ұсынып жүрген. «Қайырлы таң» дегеннің өзін таза айту керек», - деді Черчесов.
Ресейлік маман қазақ тілін үйренудің алғышартын жасап, курсқа барғанын, тіпті қазақ тілінде кітап алғанын тілге тиек етті.
«Жасым 20-да емес, бірақ үйренуге бейімім бар. Сөз беріп алып, оны орындамай қоюға болмайды», — деп қосты ол.