Бабаян кете ме? «Астана» тағы ұтылды

Редактор
29.06.2024, 22:45

«Ордабасы» жеңісті жұлып алды

“Тобыл” ФК

Қазақстан премьер-лигасының 13-туры аясында бүгін 3 матч өтті.

Шымкенттің «Ордабасы» клубы өз алаңында камбэк жасап, көршілес Қызылорданың «Қайсар» командасын жеңді.

Матчтың басында Айбар Жақсылықов қонақтарды алға шығарған. Екінші таймда «Ордабасы» жеңісті жұлып алды. Шымкент командасынан Жасурбек Яхшибоев мергендік танытты.

Петропавлдың «Қызылжар» клубы 6 сәуірден бері премьер-лигада жеңіске жетпеген болатын. Бүгін «Шахтерден» 3 ұпай алды.

Сол секілді «Астана» мен «Қайрат» арасындағы орталық матч 1:3 есебімен аяқталды. Елорда командасы есеп ашқанымен, жеңісті уыстарында ұстап қала алмады. Оның үстіне, пенальтиден де Эльхан Астанов мүлт кетті.

Григорий Бабаян қанша жеңілсе де әлі отставкаға кету жайлы ойналар емес. Командасы 8-орында келе жатыр.