Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Түркия клубы Абат Айымбетовтің болашағына қатысты мәлімдеме жасады

Редактор
01.07.2024, 22:14

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов «Адана Демирспор» жаттығуына 7 шілдеде қосылады

Instagram/AdsKulubu

Түркияның «Адана Демирспор» клубы жаңа маусымға даярлығы жайлы мәлімдеме жасады. 

Команда маусым алдындағы жұмысын Болуда өткен жаттығу жұмыстарынан бастады. Жаттығу бас бапкердің көмекшісі Недим Аскеридің жетекшілігімен өтіп, ойыншылардың төзімділігі тексерілді.

Бұдан бөлек футболшылардың ұлттық құрамалардағы оқу-жаттығу жиындарының күндері анықталды. Белгілі болғандай, Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов «Адана Демирспор» жаттығуына 7 шілдеде қосылады. 

Қазақстандық аяқдоп шебері Түркия клубының қатарына 2024 жылғы ақпаннан бері өнер көрсетеді. Абат «Адана Демирспор» сапында 9 матчта бір гол соқты.

Жарнама
Жарнама