«Ақтөбенің» қазақ және легионер футболшылары пенальтиге таласты

Редактор
01.07.2024, 22:40

«Ақтөбе» футболшыларының тіл табыса алмауы ойын барысына да кері әсерін тигізбей қоймады

"Ақтөбе" ФК

 

30 маусым күні «Ақтөбе» клубы өз алаңында Қостанайдың «Тобыл» клубын қабылдады

Тартысты өткен ойында алаң иелері қарсыластарына 3:4 есебімен жол берді. «Ақтөбе» футболшыларының бір-бірімен тіл табыса алмауы ойын барысына да кері әсерін тигізбей қоймады.

Қонақтар бірінші таймда жауапсыз үш гол соқты. Қостанайлықтар сапынан Ислам Чесноков, Ахмед Эль-Мессауди және Игор Иванович мергендік танытты. Екінші тайм басында ақтөбеліктер шабуылға көшіп, төреші қонақтар қақпасына екі пенальти белгілеген болатын. Сол айып добын орындау барысында алаң иелерінің ауызбіршілігінің жоқтығы тағы байқалды. Себебі 11 метрлік айып соққысын орындауға Әлібек Қасым мен Дорни Ромеро таласып қалды.

Жанкүйерлердің қолдауымен алғашқы пенальтиді Қасым орындап, есептегі айырмашылықты қысқартты. Ромеро да діттегеніне қол жеткізді. Араға тағы алты минут салып белгіленген пенальтиді Дорни орындады. Ойынның қосымша уақытында ол екінші голын соқты. Бірақ мұның өзі «Ақтөбе» ойыншыларына ұпай иеленуге жеткіліксіз болды. Себебі бұған дейін Ислам Чесноков қостанайлықтардың төртінші голының авторы атанған еді.

Қазір еншісінде 22 ұпайы бар «Ақтөбе» турнирлік кестеде еікнші орында тұр.

Материалда: