Роналду пенальти соға алмай, көз жасына ерік берді
Британияның BBC телеарнасы тікелей эфирде Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуға тіл тигізді.
Келеңсіз жайт Еуропа чемпионатының 1/8 финалында болған. Словенияға қарсы матчтың 105-минутында Роналду пенальти соға алмай, көз жасына ерік берді. Оның қақпаға бағыттаған добын словениялық қақпашы Ян Облак қайтарды.
11 метрлік айып добын орындау кезінде BBC португалиялықтың аты-жөнін жазудың орнына Misstiano Penaldo (Қиыстиану Пеналду) деп жазды.
«Челси» аңызы Джон Терри Роналдудың тарапына айтылған бұл сынға қатысты пікір білдірді.
«ВВС, бұл масқара!», – деп жазды Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы.