«10 млн теңге берді». Қазақ боксшыларын Олимпиадаға бармай жатып марапаттады

Редактор
02.07.2024, 17:18

Ерлер құрамасы Франция астанасына толық құрамда барады

instagram.com/kazakhboxing

Бангкокте (Таиланд) өткен соңғы лицензиялық турнирде Олимпиада жолдамасын жеңіп алған қазақстандық үш боксшыға ақшалай сыйақы табысталды. 

Маусымда өткен іріктеу турнирінде Назым Қызайбай (50 келі), Валентина Хальзова (75 келі) және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі) Париж олимпиадасының лицензиясына иелік етті.

Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп аталған былғары қолғап шеберлеріне 10 миллион теңгенің сертификатын табыстады. 

Осылайша, Мырзағали Айтжанов баптайтын ерлер құрамасы Франция астанасына толық құрамда барады. Жалпы төртжылдықтың бас додасында елімізден он боксшы бақ сынайды.

Ерлер арасында Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 к) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) жүлдеге таласса, әйелдер арасында Карина Ибрагимова (57 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Назым Қызайбай (50 келі) өнерін ортаға салады. 

Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Материалда: