Франциялық 18 жастағы футболшыға адам өлтірді деген айып тағылды

Редактор
04.07.2024, 14:35

Футболшы әйелді самокатпен қағып кетті

© Maxppp - Lionel Vadam

Француз БАҚ өкілдері жергілікті «Ренн» клубының футболшысы сауда үйінің маңында электросамокатпен әйел адамды қағып кеткені туралы ақпарат тартты.

Дереккөз мәліметінше, 51 жастағы әйел оқиғадан соң бірнеше апта өткенде соң ауруханада көз жұмған. 

«18 жастағы самокат жүргізушісін полиция ұстады, мұны Ренн прокуратурасы растап отыр. Ол абайсызда кісі өлтіру бойынша айыпталуда. Жас жігіт прокуратура алдында жауап береді.  Ол «Ренн» клубының кәсіби ойыншысы, клубтың жаттығу орталығында даярлықтан өткен. Оның қан құрамынан алкоголь немесе есірткі анықталмаған», - деп жазады francebleu.fr.

Материалда: