Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Ордабасы» Белорусь қақпашысын қатарына қосты

Редактор
04.07.2024, 15:56

Ол Силигоркінің «Шахтер» клубында 5 ойын өткізіп, 10 рет гол жіберген

t.me/goalkz_official

Жазғы трансферлік маусымда «Ордабасы» сапына белорусьтік Сергей Игнатович қосып отыр.
 
Аталған қақпашы осыған дейін Белорусь лигасында ойнаған. Ол Силигоркінің «Шахтер» клубында 5 ойын өткізіп, 10 рет гол жіберген. Сонымен бірге, «Ислочь», «Минск», «Динамо Брест», «Динамо Минск» сапында ойнады.
 
Бұдан бөлек, Белорусь ұлттық құрамасының сапында 9 ойынға қатысқан.
 
Өткен жылы ел чемпионы атанған шымкенттік «Ордабасы» биылғы маусымда Еуропа чемпиондар лигасында өнер көрсетеді. Клуб 10 шілде күні Молдованың «Петрокубын» өз алаңында қабылдаса, қарымта ойынды 17 шілдеде өткізеді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама