Қазақстан құрамасы жеңілді, бірақ ЕУРО-ға баратын мүмкіндік әлі бар

Редактор
21.11.2023, 09:48

2024 жылдың көктемінде Ұлттар Лигасының финалдық кездесулері болады

Чемпионат.ру

Словениядан сырт алаңда жеңіліп, іріктеу тобынан шыға алмаған Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына қатысу мүмкіндігінен әлі де толық айрылған жоқ.

Айта кетейік, Магомед Адиев шәкірттері EURO-2024 іріктеу ойындары аясында «H» тобында екінші жолдама үшін Словениямен таласқан еді. Люблянада өткен ойында біздің футболшылар 1:2 есебімен жеңілді. 

Осылайша келер жылы өтетін құрлық жарысына 22 ұпайдан жинаған Дания мен Словения барады. Ал, Қазақстан 18 ұпаймен топта төртінші орынға тұрақтады. Үшінші орында – Финляндия.

Енді Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасы аясында берілетін тағы бір жолдамаға келер жылы таласады. Ол жақта «C» тобында өнер көрсеткен жерлестеріміз жартылай финалда Грекиямен матч өткізеді. Ұтқан жағдайда финалда Грузия – Люксембург жұбының қай жеңгенімен ойнаймыз. Жеңімпазға Еуропа чемпионатына жолдама беріледі.

Айта кетейік, осы іріктеу ойындарында Қазақстан құрамасы 10 ойын өткізіп, оның алтауында жеңіске жетті, төртеуінде жеңілді.