Овертаймда Роналдудың гол соғатын мүмкіндігі көп болды, алайда ол оны жүзеге асыра алмады
Германияда футболдан өтіп жатқан Еуропа чемпионатының ширек финалдық сынында жартылай финалға шыққан екінші команда анықталды. Франция футболшылары пенальти сериясында Португалиядан 5:4 есебімен басым түсті.
Екі таймда да Португалия үздіксіз шабуылдағанымен есеп аша алмады. Ойын бойы басымдыққа ие болғанына қарамастан қорғаныста француздар қателік жіберген жоқ.
Овертаймға ұласқан ойында Криштиану Роналдуға гол соғатын бірнеше мүмкіндік болғанына қарамастан ол тепкен доп қарсылас қақпасынан қиыс кетіп жатты. Ал пенальти сериясында Жоау Феликс тепкен доп бағанаға тиіп, командасын жартылай финалға шығара алмады. Шешуші пенальтиді тебуде француз Тео Эрнандес өзіне артылған сенімді толығымен ақтады.
Енді Франция құрамасы жартылай финалда Испанияға қарсы ойын өткізеді.