Нұралы Әліп аргентиналық футболшыларды бірге-бір төбелесуге шақырды (ВИДЕО)

Редактор
06.07.2024, 11:16

Артынша ол "қызыл қағаз" алып, алаңнан қуылып кетті

РИА Новости

Футболдан Ресей Премьер-лигасының жазғы кубогы аясында Санкт-Петербургтің «Зенит» клубы мен Аргентинаның «Тальерес» арасындағы матч жаппай төбелеспен аяқталды.

Сол төбелестің арасында Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп те болды.

Футболшылар арасындағы қақтығыс ойын соңында болды.«Зенит» жартылай қорғаушысы Александр Ерохин допқа талас кезінде қарсылас команданың ойыншысынан бетіне соққы алды. Сол кезде командаласы үшін Нұрәлі Әліп төбелеске араласты. Ол алдымен аргентиналық команданың ойыншыларына қол көтеріп, күш қолданса, артынша оларды бірге-бір төбелесуге шақырды.

Матчтың бас төрешісі Кирилл Левников алаңнан үш футболшыны қуды. Арасында Нұрәлі Әліп те бар.

Ал кездесу 1:0 есебімен «Зениттің» пайдасына шешілді.