Ол 20 жасында Африка кубогын жеңіп алған
Бүгін египеттік «Фьюче» футбол клубының жартылай қорғаушысы Ахмед Рефаат 31 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Египет футбол қауымдастығы мәлім етті.
11 наурызда Рефаат Египет чемпионатының 16-турында "Әл-Иттихадқа" қарсы ойында жүрегі тоқтап қалды (0:0). Ол есін жоғалтып, газонға құлаған, содан кейін шұғыл түрде Мысырдағы ауруханаға жеткізілген. Футболшының жүрегі бір сағат соқпай тұрған. Сол уақыттан бері комада жатқан.
Ойыншының өлімінің себебі әзірге белгісіз.
Рефаат Египет құрамасы сапында жеті ойын өткізіп, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ол 20 жасында Африка кубогын жеңіп алды, сонымен қатар “Замалекпен” бірге Египет кубогы мен суперкубогын жеңіп алды.