«Шахтер» ресми түрде жаңа ойыншысын таныстырды

Редактор
06.07.2024, 17:29

Кеншілер командасына босниялық футболшы қосылды.

instagram.com/shakhterfc

Босниялық Йован Илич  «Шахтер» футбол клубының ойыншысы атанды. Бұл туралы клубтың Instagram парақшасында ресми мәлім етті.

Қарағандылық футбол клубы шетелдік ойыншы Йован Иличпен келісімшартқа отырды.

Бұған дейін Йован «Бродарац», «Пролетер», «Нови-Сад» және қазақстандық «Тобыл» командаларында ойнаған.

Бүгінгі таңда «Шахтер» чемпионат кестесінде соңғы, 13-ші орында тұр. Қарағандылық клуб басшылығы босниялық жартылай қорғаушының келуі команданың нәтижесін жақсартып, турнирлік кестеде жоғары көтерілуіне ықпал етеді деп күтетіні анық.

Материалда: