Бақтиер Зайнутдинов атақты Чиро Иммобилемен бір командада ойнайтын болды

Редактор
08.07.2024, 19:25

Стамбұлдық команда биыл ел чемпионы атануды көздеп отыр

Getty Images

Түркияның «Бешикташ» клубы трансферлік нарықта белсенді. Стамбұлдық команда жақында португалиялық Рафа Силваны қатарға қосқан. Енді топ-шабуылшы сатып алмақшы.

Fanatik басылымының жазуынша, клуб 34 жастағы италиялық шабуылшы, «Лацио» ойыншысы Чиро Иммобилемен келісімге келген. Жақын арада ол Стамбұлға келіп, «Бешикташпен» екі жылдық келісімшарт жасаспақшы.

Былтырғы маусымда Иммобиле «Лацио» сапында 43 матчқа қатысып, 11 гол соққан. Transfermarkt футболшыны 4 миллион евроға бағалап отыр.

Айта кетейік, «Бешикташ» командасында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсетеді.