Аргентина құрамасы Америка кубогінің финалына шықты

Редактор
10.07.2024, 09:36

Финалда олар Уругвай – Колумбия жұбының жеңімпазымен ойнайды

Getty Images

Футболдан Америка кубогінің алғашқы финалисі анықталды. Канаданы 2:0 есебімен жеңген аргентиналықтар енді құрлық чемпионы атағын қорғайтын болады.

Матч Аргентина құрамасының толықтай басымдығымен өтті. Ойынның 23-минутында Родриго Де Паульдің пасын ұтымды пайдаланған Хулиан Альварес есеп ашса, 51-минутта даңқты Лионель Месси таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді. Ол Энцо Фернандес берген пасты қақпаға дәл бағыттаған.

Мұнан кейін қос құрама да есепті өзгерте алған жоқ. Енді Аргентина финалда Уругвай – Колумбия жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Еске салайық, соңғы Америка кубогінде Месси бастаған аргентиналықтар чемпион болған еді. Ол кезде финалда олар Бразилия құрамасымен кездесіп, 1:0 есебімен басым түскен еді. Жалғыз голдың авторы – Анхель Ди Мария.