«Ордабасы» расымен де ел чемпионы ма»: молодовалық жанкүйерлер шымкенттік клубты мазақ қылды

12.07.2024, 11:26

Олар «Ақтөбе» клубының деңгейі «Ордабасыдан» әлдеқайда жоғары деп есептейді

Ордабасы ФК

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде өз алаңында молдовалық «Петрокубты» жеңе алмаған «Ордабасы» клубына сын тағып жатқандар көп. Тек шымкенттік жанкүйерлер емес, бүкіл Қазақстандағы футболсүйер қауым ойын деңгейінің төмен екенін айтып, реніштерін де білдіріп жатыр. Ал, молдовалық фанаттар болса жергілікті сайтта аталған матчқа қатысты түрлі пікір жазып, көпшілігі «Ордабасыны» мазақ еткен.

Moldfootball.com сайтында Шымкентте болған ойынды талқылаған молдовалықтар «Орлабасының» ел чемпионы болғанына күмәнмен қарады.

«Біздікілер жақсы ойын көрсетті. Браво. Бір-екі сәтті қоспағанда, қазақтардың мүмкіндігі аз болды. Олардың деңгейлері өздері айтып жүргендей тым жоғары емес, біздікімен бірдей. Бірақ бір нәрсе бар: Олардың ақшасы бізден әлдеқайда көбірек».

«Ордабасыға» таң қалдым. Олар өздері чемпионатты қалай жеңіп жүр? Жақында ғана «Ақтөбенің» ойындарын көріп шықтым, жер мен көктей», - деп пікір қалдырған молдовалық фанаттар.

Айта кетейік, Шымкенттік орталық стадионында өткен матч 0:0 есебімен аяқталды. Бұл ойынды фаворит ретінде бастаған «Ордабасы» қарсылас қақпасының кілтін таба алмаған. Енді қарымта ойын бір аптадан кейін Молдовада өтеді.