«Менің мүмкіндігім болды». Елена Рыбакина Уимбилдондағы басты қателігін айтты

Редактор
12.07.2024, 12:23

Жартылай финалдағы бәсеке 2 сағат 9 минутқа созылды

AP Photo/Kirsty Wigglesworth

Елана Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шыға алмай, 31-орында тұрған Барбора Крейчиковаға жол берді. Қазақстандық теннисші ойыннан кейін пікір білдірді. Бұл туралы The Tennis Letter басылымының Х желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

“Барбора өте жақсы ойнады. Менің мүмкіндігім болды. Бірақ бәрібір бұл мен үшін жақсы турнир деп ойлаймын. Ол екінші сетте қарқынын арттырып, пайыздық үлесін көбейтті. Менің пайызым аздап төмендеді. Барлығы өте тез өтті. Физикалық тұрғыдан да кейбір маңызды сәттерде абдырап қалдым. Мен агрессивті болып, аяғыммен жұмыс істеуім керек еді. Бірақ ол кортты ашып, жақсы ойнады. Басқа не айтарымды білмеймін”, – дейді Елена Рыбакина.

Айта кетейік, Лондонда теннистен өтіп жатқан Уимблдон турнирінің жартылай финалына шыққан Елена Рыбакина чехиялық Барбора Крейчиковадан ұтылып қалды. 2 сағат 9 минутқа созылған ойында әлемнің 4-ші ракеткасы Рыбакина 31-орында тұрған Крейчиковаға 2:1 есебімен жол берді.