Тырнағына лак жаққан Роналду қызу талқыға түсті

Редактор
12.07.2024, 13:58

Португалиялықтың педикюр жасатқаны қызу талқыға түсті

peopletalk.ru

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы мен Португалия құрамсының шабуылшысы Криштиану Роналду әлеуметтік желіде демалыстан суреттер жариялады.

Суреттердің бірінде португалиялықтың педикюр жасатқанын байқауға болады. Кадрдан оның тырнағын қара түспен бояп алғанын көруге болады. 

«Ер адам болсаңыз да, сізге маникюор жасатқанын елестетіп көріңізші. Қандай жаман... Сондай жиіркенішті. Оны ақтап, қолдайтындарды түсінбеймін», - деп жазған оқырманның бірі.

Белгілі болғандай, бұл лак сұлулыққа емес, емге арналған екен. Оны зеңге қарсы және көгергеннен кейін тырнақ пластинасын қалпына келтіруге қолданады. Мұндай лакты ММА шеберлері мен кикбоксшылар қолданады екен.
Айта кетейік, Португалия Еуропа чемпионатын ширек финалда аяқтады.