Аталған кездесуде Еуропа чемпионатының жолдамасы сарапқа салынады
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аясында Словенияға қарсы өткен мачта иеленген сары қағаз салдарынан Грекиямен болатын кездесуден тыс қалды.
Ұлттар Лигасының ойындары 2024 жылдың наурыз айында басталады. Бұл сында жеңіске жеткен құрама 2024 жылы Германияда өтетін кәрі құрлық біріншілігіне тікелей жолдама алмақ.
Бүгінде «Зенит» сапында ойнайтын ойыншы осылайша маңызды мачты көрермен ретінде тамашалауға мәжбүр.
Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатыа іріктеу ойындарында 18 ұпайға ие болды. Іріктеу кезеңдерінде отандық аяқдоп шеберлері Финляндия, Дания, Солтүстік Ирландия, Сан-Марино құрамаларынан басым түсіп, турнир кестесінде үшінші орынға тұрақтаған.