Словениялық балалар Қазақстан әнұранына ерекше құрмет көрсетті

Редактор
22.11.2023, 23:06

Аталған ойында жерлестеріміз жеңіліп қалды

Фото ашық дереккөзден

20 қарашада Словения – Қазақстан матчы басталар алдында ерекше оқиға болды. Футболшылармен алаңға еріп шыққан словениялық балалар Қазақстанның әнұраны орындалғанда қолдарын кеудесіне қойып қосыла кетті.

Бұл әрекетті жергілікті балалардың неліктен жасағаны көпшілік үшін қызық жағдай болып отыр. Любляна стадионындағы ерекше көрініс қазақстандықтарға жақсы әсер сыйлағаны сонша, аталған оқиғаны әлеуметтік желі қолданушылары талқылап жатыр.

Еске салайық, 20 қараша күні Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аясында Қазақстан Словениямен ойнаған болатын. Матч 2:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Бұл кездесуде Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Рамазан Оразов екінші таймда гол соғып, есепті теңестіргенімен ойыншыларымыз есе жіберіп алды.