Өзбекстанның жасөспірімдер құрамасы Англияны ұтып, сенсация жасады

Редактор
22.11.2023, 23:23

Ширек финалда өзбек футболшылары Франциямен немесе Сенегалмен кездеседі

instagram.com/uzbekistanfa

Индонезияда өтіп жатқан футболдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасы 1/8 финалда Англияны жеңіп, айды аспаннан бір-ақ шығарды.

Ойынның небәрі төртінші минутында Амирбек Саидов ағылшындар қақпасына гол соғып, командасын алға шығарды. Алайда, 35-минутта Джоэл Ндала тура соққысымен көзге түсіп, есепті теңестірген. Ал, екінші таймның орта тұсында Лазизбек Мирзаев жеңіс голын соғып, Өзбекстанды ширек финалға шығарды.

1/4 финалда өзбек футболшылары Франция – Сенегал матчының жеңімпазымен кездеседі.

Сондай-ақ, ширек финалда Мали – Марокко, Бразилия – Аргентина, Испания – Германия кездесулері күтілуде.