Зайнутдинов отандық футболдағы баға рекордын жаңартты

Редактор
28.09.2023, 10:08

Бақтиер Зайнутдиновтың құны көтерілді.

championat.com

Қазір Қазақстандық футболшының бағасы 6,5 млн еуроны құрайды, деп хабарлайды 24.kz

Биыл «Бешіктастың» жейдесін киген аладоп шебері Еурокубок додасында жақсы қырынан танылды.

Маусым айында Мәскеулік ЦСКА сапында жүргенде жерлесіміздің құны 5 млн еуро еді. Түркияға ауысқалы Зайнутдиновтың мәртебесі ғана емес, бағасы да көтерілді. Бақтиер қазақ футболындағы ең қымбат ойыншы саналады. Екінші орында «Зенит» қорғаушысы Нұрәлі Әліп тұр. Оның нарықтағы бағасы 1,2 млн еуроны құрайды.