«Ордабасының» чемпион бола алмауына Бақтияр Байсейітовтің кінәсі бар – сарапшы

Редактор
03.10.2023, 00:00

Экс-директор ірі көлемде қаржы жымқырып, елден қашып кеткен

Фото ашық дереккөзден

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының аяқталуына небәрі екі тур ойындары қалды. Биылғы біріншілік интригаға толы. Десе де, шымкенттік «Ордабасы» бейресми чемпион атанып тұр. «Астанада» ұпай санымен қуып жету мүмкіндігі болса да, доп айырмасы жағынан Александр Седнёв шәкірттері жеткізбейтіні анық.

Осы ретте айта кететін жайт, тәуелсіз Қазақстан тарихында шымкенттік клуб алғаш рет ел чемпионы атанғалы тұр. Мықты футболшылардың шеберханасы атанып кеткен оңтүстіктің футбол мектебі осыған дейін бірде бір рет ел кубогін басына көтермепті. Ал, мұндай сәтсіздікке себе боллған жайттардың бірі – клубтың экс-басшысы Бақтияр Байсейітовтің заңсыз әрекеттері дейді спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен. Мұндай пікірін ол «Бірінші бол» YouTube-каналында болған подкаст кезінде айтты.

Оның пікірінше, Бақтияр Байсейітов «Ордабасы» ойындарын сатып, чемпионатта өзінше «бизнес» істеген. Клубқа келтірген шығыны 5 млрд теңгеге парапар. Қазір елден қашып кеткен экс-директорды «Интерпол» іздеп жатқан көрінеді.

Осы және ел чемпионатына қатысты өзге де маңызды мәліметтерді видеоның толық нұсқасынан көріңіздер!