«Басты қарсылас – Өзбекстан». Мырзағали Айтжанов Париждегі жоспарын айтты

Редактор
17.07.2024, 15:46

Ерлер құрамасы жеті салмақ бойынша жұдырықтасады

ҰОК

Париж Олимпиадасының басталуына санаулы күн қалды. Қазақстан сенім артып отырған спорттың бірі – бокс. Ерлер құрамасы жеті салмақтың барлығынде ел намысын қорғайды. Бас бапкер Мырзағали Айтжанов NEGE.KZ тілшісіне берген сұхбатында жоспарын айтты.

Ол “Орталық Азия бойынша қазақ боксшыларына басты бәсекелес өзбек ағайындармен қолғап түйістіруі мүмкін бе?” деген сауалға жауап берген. 

«Әбден мүмкін. Қырғызстаннан бір-ақ боксшы бар. Бұл ел күрестен мықты. Біздің Орталық Азиядағы басты қарсылас – Өзбекстан. Олардан төрт бірдей олимпиада жүлдегері, оның ішінде екі олимпиада чемпионы бара жатыр. Хасанбой Дусматов, Абдумалик Халоков, Руслан Абдуллаев, Лазизбек Муллоджонов, Асадхуджа Муйдинхуджаев, Турабек Хабибуллаев сияқты мықты боксшылар бар. Бірақ Парижде өтетін байрақты бәсекеге Куба, АҚШ, Бразилия, Филиппин, Қытай, Оңтүстік Африка, Ирландия, Мексика, Колумбия сияқты басқа да елдерден бокшылар келеді. Қазір бокс бүкіл әлемде дамып кетті», - дейді Мырзағали Айтжанов.

Жалпы төртжылдықтың бас додасында елімізден он боксшы бақ сынайды. Ерлер арасында Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 к) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) жүлдеге таласса, әйелдер арасында Карина Ибрагимова (57 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Назым Қызайбай (50 келі) өнерін ортаға салады. 
Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Материалда: