«Ордабасы» Молдовадағы ауыл командасынан жеңіліп ұятқа қалды

Редактор
18.07.2024, 00:01

Шымкенттік команданың бюджеті де қарсыласынан бірнеше есеге көп

Ордабасы ФК

УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіне қатысқан Шымкенттің «Ордабасы» клубы екі матчта да бір гол соға алмай, ұятқа қалды.

Александр Седнев шәкірттерінің алғашқы қарсыласы – Молдованың «Петрокуб» командасы болған. Шымкенттегі алғашқы ойын 0:0 есебімен аяқталған. Қарымта кездесуде молдовалықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, қос матчтың қорытындысы бойынша «Петрокуб» екінші айналымға өтті. Енді олар Кипрдің АПОЭЛ клубымен кездеседі. Ал, «Ордабасы» жорығын Конференция лигасында жалғастырады.

«Петрокуб» намысын қорғайтын Хынчешты қаласында бар-жоғы 12 мың ғана адам тұр. Ал салыстырмалы түрде Шымкентте 1,5 миллионға жуық халық бар.

Молдова клубының жанкүйерлері бірінші матчтан кейін-ақ «Ордабасының» Қазақстан чемпионы екеніне күмәнмен қараған еді. 

«Петрокуб» (Хынчешты, Молдова) – «Ордабасы» (Шымкент, Қазақстан) – 1:0 
Гол: Лунгу, 34 (1:0).