Бокс федерациясының президенті жас боксшыларға ақша үлестірді

Редактор
18.07.2024, 15:39

Азия чемпионатында Қазақстан командалық есепте бірінші орын алды

instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп биыл Астанада өткен U22 Азия чемпионатындағы жоғары нәтижесі үшін спортшылар мен бапкерлерді ақшалай марапаттады.

Іс-шара Түркістан облысында “Алматау” спорттық базасындағы оқу-жаттығу жиыны аясында ұйымдастырылды.

Бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 4 млн теңге, ал боксшыларға 1-2 млн теңгеден табысталған.

Айта кетейік, Астанада бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан командалық есепте бірінші орын алды.

Құрлық біріншілігінде 25 салмақ бойынша (13 ер, 12 әйел) жеңімпаздар анықталды. Еліміздің боксшылары 24 медаль еншіледі. Ерлер командасында 13 медаль бұйырды (8 алтын және 5 күміс).

Азия чемпионы атанғандар:

  • 51 келі: Кенже Мұратұлы
  • 54 келі: Нұрсұлтан Алтынбек
  • 67 келі: Елнұр Сүйінбай
  • 71 келі: Сабыржан Аққалықов
  • 75 келі: Диас Молжігітов
  • 80 келі: Ерасыл Жакпеков
  • 86 келі: Темірлан Мұқатаев
  • 92 келі: Бекнұр Батырбек