Енді қостанайлықтар Конференция лигасында бақ сынайды
Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен Қостанайдың «Тобылы» бірінші айналымнан әрі аса алмады. Словакиялық «Ружомберокпен» болған бірінші матчта 2:5 есебімен жеңілген Жұмасқалиев шәкірттері өз алаңында 1:0 есебімен жеңіске жетті. Қос ойынның нәтижесінде келесі айналымға словакиялық клуб шықты.
Ал, «Тобыл» енді Конференция лигасында бағын сынап көреді. Бірінші матчты олар 25 шілдеде швейцариялық «Санкт-Галленге» қарсы өткізеді.
Еске салайық, бұған дейін Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен шымкенттік «Ордабасы» клубы да бірінші айналымнан аса алмай, жарыс жолынан шығып қалған еді.