Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Легионер футболшыларға жалақыны көрсеткен нәтижесіне байланысты төлеу ұсынылды

Редактор
20.07.2024, 12:14

Танымал спортшы футболшылардың келісімшарттарын қайта қарауды талап етті

kazfootball.kz

Ардагер футболшы, танымал сарапшы Юсуп Щадиеев еурокубоктағы сәтсіздікке байланысты легионер футболшыларға жалақыны көрсеткен нәтижесіне байланысты төлеуді ұсынды.

«Менің тек «Ақтөбе» клубына ғана айтар уәжім жоқ. Олар тәп-тәуір ойнады. Келесі раундқа өтуге сәл сәттілік жетіспеді. Негізі ең қиын қарсылас ақтөбеліктерде болған. Сосын біздің командалардың ойыншыларының матч соңында аяқтары талып, жүре алмай қалатыны қызық. Қазір ҚПЛ нағыз қызған шағы, мүлдем түсініксіз. Керісінше қарсыластардың чемпионаттары әлі басталмаған. Бұл футболшылардың физикалық дайындығының төмендігін білдіреді. Еуропада бір маусымда 50-60 матч өткізеді. Ал бізде турларды шегереді, кубоктың ойындарын қойып, екінші-үшінші құраммен ойнап жүр. Сонда қай уақытта шаршап жүр?», - дейді сарапшы Sports.kz порталына берген сұхбатында.

Ол осы ретте футболшылардың келісімшарттарын қайта қарау керек деп отыр.

«Легионерлер келісімшарт жазған соң, футбол ойнауды тастайды. Бір матч жақсы өнер көрсетіп, қалған екі кездесуде ойларына келгенін істеп жүреді. Бірақ соған қарамастан сұмдық айлық алады. Сондықтан жалақыны нәтижесіне қарап төлеу керек. Егер нәтиже болса, жақсы жалақы төленуі тиіс. Болмаса әрекет етуі қажет», - дейді Юсуп Щадиев.

Жарнама
Жарнама