«Газель айдайсың»: Қызылжар футболшысы Оралдағы матчқа Газельмен барды

Редактор
21.07.2024, 01:01

Матч 21 шілдеде БҚО орталығында өтеді

Қызылжар ФК

Петропавлдың «Қызылжар» клубы әлеуметтік желіде танымал болған трендке қосылды.

Петропавл жігіттері сырт алаңда «Ақжайықпен» өтетін ойынға Газельмен барған. Кездесу 21 шілдеде Лига кубогы аясында Оралда өтеді. Ал видеоны клуб өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Кадрдан қақпашы Джурахон Бабахановтың стадионның алдына Газель айдап келгенін көруге болады. «Келдік» деді ол көліктен түскен соң.

Оқырман қауым бұл әзілді жоғары бағалаған. 

Жалпы, «Газель айдау» деген сөз тіркесі сабағын дұрыс оқи алмай отырған баласына ұрысқан әкесінің видеосынан соң тарап кетті. Ашуға булыққан әке ұлына: «Таста бәрін, Газель айдайсың», - дейді. Міне, содан бері сүреңсіз нәтиже көрсеткен клуб ойыншыларына жанкүйерлер осындай пікір қалдырып жүрген.