Қазақтар ар-намысын таптатпайтын ел, оларға сіңісіп қалдым – Станислав Черчесов

Редактор
23.07.2024, 10:31

Бас бапкер ресейлік телеарнаға қазақ тілін үйрену процесі туралы айтты

Фото Александр Федоров, «СЭ»

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тілін үйрену процесі туралы айтты.

Естеріңізде болса, маусым соңында Черчесовтің тағайындалуына байланысты баспасөз конференциясы өтіп, сол кезде тілшілердің бірі бапкерге қазақ тілінде сұрақ қойды. Тілшінің бұл әрекетіне көңілі толмаған ресейлік маман сауалды орыс тілінде қоюды талап етті. Бұл жайт БАҚ беттерінде қызу талқыланып, бас бапкер тарапына біраз сын айтылды. Осыдан соң Черчесов қазақ тілін үйренуге кірісті.

«Қазақстан – алып ел, Қазақстан – ар-намысын аяққа таптатпайтын ел. Әрине, барлық жердің өз кемшілігі мен артықшылығы бар. Бұл күндері біртіндеп сіңісіп келемін, жиі қолданылатын бірнеше сөзді үйреніп алдым. Әрі қарай да үйрене беремін, бірақ еркін сөйлеп кетпесім анық. Жиі айтылатын сөздерді білу керек, сондықтан шамам жеткенше меңгеруге тырысып жатырмын», - деді Черчесов «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында.

Материалда: