Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Станислав Черчесов келе сала қазақша сұрақ қойған журналиске ескерту жасады

26.06.2024, 19:46

Бапкер сұрақты орысша жалғастыруды сұрады

Станислав Черчесов келе сала қазақша сұрақ қойған журналиске ескерту жасады
amfr.ru

Жақында ғана қызметіне кірісіп, тілшілерге арнап брифинг өткізген Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов журналистің қазақ тілінде қойған сұрағына аса көңілі толмағанын байқатып қойды. 

Әріптесіміз Нұрсұлтан Құрман бас бапкерге қазақ тілінде сұрақ қойып бастағаны сол еді, Черчесов оның сөзін бөліп, қай жақтан екенін біліп алды. Сонан соң сұрақты орысша жалғастыруды сұрады.  

«Сіз маған сұрақ қойып тұрсыз ғой. Мен де осетин тілінде сөйлесем қалай болады? Алайда ол кезде ешкім түсінбейді. Бұған дейін де қазақша қойдыңыз. Ол кезде федерация президенті аударып берді, бірақ ол кісіні қайта-қайта әурелемеймін ғой. Өтініш жасау бірінші рет тегін болады, ал кейіннен ондай жүрмейді», –  деп әзіл-шыны аралас ескерту жасады құрама бас бапкері. 

Сонда да Құрман сауалын қазақ тілінде қайта жалғап, бапкерлік штабқа кімдер кіргенін сұрады. Бас бапкер «Бұл штабқа сенің кірмейтінің анық» деп тағы сөзбен шымшып өткендей болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам