Олимпиаданың алғашқы күні даумен басталды

Редактор
25.07.2024, 11:00

Төреші аргентиналықтардың екінші голын есептемей қойған

championat.com

24 шілде күні ХХХIII жазғы Олимпиада ойындарының алғашқы жарыс күні өтіп, жанжал туындады.

Аргентина мен Марокко құрамаларының арасындағы матч екі сағаттық үзілістен соң қайта жалғасты. Себебі ойынның 106-минутында оңтүстікамерикалықтар гол соғып, осыдан соң стадионда шу шықты.

Командалар олимпиадалық футбол турнирінің бірінші туры аясында кездесу өткізіп жатқан.

Овертаймның 16-минутында аргентиналықтар сапынан Кристиан Медина мергендік танытып, есепті теңестірді – 2:2. Алайда төреші ереже бұзылғанын байқап, VAR-жүйесін қарау туралы шешім қабылдады.

Осыдан соң трибунадағы жанкүйерлер шу шығарды. Төреші ойыншыларды алаңнан әкетуге мәжбүр болды, ал жанкүйерлерге аренадан шығуға тапсырма берілді.

Ойын араға екі сағат салып қана – 1:2 есебімен жалғасты. Төреші аргентиналықтардың екінші голын есептемей қойған. Осылайша, Аргентина жеңіліс тапты.

«Бұл өмірімде көрген ең үлкен цирк», - деді Аргентина құрамасының бас бапкері Хавьер Маскерано.