Ол қос қызметті қатар атқарады
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев «Ақтөбе» футбол клубын жаттықтырады деп мәлімдеді ҚФФ президентінің кеңесшісі Ермұхамед Мәулен өзінің Telegram-каналында.
Бұған дейін Адиевтің ұлттық құрамадан бөлек ҚПЛ-дегі клубтардың бірін жаттықтыруы мүмкін екені айтылған. Ал, биылғы ел чемпионатының қола жүлдегері «Ақтөбе» болса қазір бапкерсіз. Команданы жаттықтырған Андрей Карпович семейлік «Елімайға» ауысып кетті.