Өзбекстанның жас футболшылары әлем чемпионатында Франциядан жеңілді

Редактор
26.11.2023, 09:03

Өзбектер бұған дейін азулы Англияны жеңіп, чемпионат сенсациясын жасаған еді

Championat.asia

Индонезияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы футболдан әлем чемпионатында Франция құрамасы (U-17) ширек финалда Өзбекстанды жеңді.

Есте болса, өзбек футболшылары 1/8 финалда Англия құрамасын жеңіп, турнирдің басты сенсациясын орнатқан болатын. Ширек финалда олар Франциядан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Матчтың 83-минутында Исмаил Бунеб есепті ашып, командасына жеңіс алып келді.

Француздар енді жартылай финалда Мали командасымен финал жолдамасын сарапқа салатын болады.

Материалда: