«Ордабасы» президенті ойыншыларды игере алмайды. Футбол – ақтөбеліктердің жүрегінде

Редактор
27.07.2024, 09:55

«Бірінші бол» YouTube-каналында жаңа подкас

коллаж: 1bol.kz

Қазақстандық клубтар еурокубок ойындарын өте сәтсіз бастады. Әсіресе, “Ордабасы” жанкүйерлерінің командаға өкпесі қара қазандай. Чемпиондар лигасында қатырмаған шымкенттік клуб, Конференция лигасында да әлсіз командадан жеңілді.

Ал, “Астана” алғашқы ойынын тең ойнаса, “Тобыл” Швейцарияға барып, 1:4 есебімен ойсырай жеңіліп келді.

Бүгінгі подкаст қонақтары – Нұрсұлтан Құрман пен Ербол Қайыров еурокубоктегі сәтсіздіктерге қатысты өз пікірімен бөлісті. Жеңіліске ең басты себеп – ойыншылардың тойынғаны дейді футбол сарапшылары.

Расымен де солай ма? Подкасты соңына дейін қарап шығыңыз да, өз ойыңызды жазыңыз!