Жозе Моуриньо «Ромамен» келісімшартты созбайтынын айтты

Редактор
27.11.2023, 16:49

Ол Бразилияны жаттықтыруды армандайды

Sportbox

Италияның «Рома» футбол клубын жаттықтыратын Жозе Моуриньо Бразилия ұлттық құрамасына бапкер болуды көздеп жүр. Бұл туралы UOL басылымының колумнисті Рафаэл Рейс мәлімдеді.

60 жастағы маман маусым аяқталғаннан кейін «Ромамен» келісімшартты созбай, Бразилияға көшуді жоспарлап отырған көрінеді. Бұл португалдық бапкер үшін ең ұтымды шешім болмақ дейді журналист.

Егер Бразилия нұсқасы болмай қалса Моуриньо Еуропаның ең үздік құрамаларының біріне ауысуы ғажап емес.

Айта кетейік, Жозе Моуриньоның «Ромамен» келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін жалғасады.