Ойынның негізгі уақытында Шымкент футболшылары 3:2 есебімен алға шықты
Футболдан Конференция лигасының ойындары аясында шымкенттік «Ордабасы» Люксембургтің «Дифферданж» клубынан пенальти сериясында басым түсті.
Ойынның негізгі уақытында Шымкент футболшылары 3:2 есебімен алға шықты. Алайда алғашқы матчта сырт алаңда «Ордабасы» есе жібергендіктен, кездесу овертаймда жалғасты. 117-минутта Сағадат Тұрсынбай пенальтиде мүлт кетпей командасы алға шыққанымен, арада 3 минут өткенде қонақтар есеп айырмасын теңестірді.
Осылайша Конференция лигасының іріктеу ойындарындағы кездесу жеңімпазы пенальти арқылы анықталды.
Люксембург клубының ойыншылары қақпаға тебуден қатарынан 3 рет мүлт кетсе, «Ордабасы» ойыншылары екі рет дәл тебе алмады. Осыйлайша еуропалық клубты әупірімдеп жеңген жерлестеріміз келесі кезеңге өтті.