«Тобыл» клубы Конференция лигасымен қош айтысты

Редактор
01.08.2024, 23:31

Қостанайлықтар Швейцарияның «Санкт-Галлен» клубына есе жіберді

instagram.com/fctobol

Қостанайдың «Тобылы» футболдан Конференция лигасындағы ойында есе жіберді.

Өз алаңында Швейцарияның «Санкт-Галлен» клубымен кездескен тобылдықтар 0:1 есебімен ұтылып, жарысты аяқтады. Ойынның алғашқы таймында екі жақ та үздіксіз шабуылдағанымен есеп өзгерген жоқ. Тек 73-минутта гвинеялқ шабуылшы Мұстафа Сиссе мергендігімен көзге түсіп, командасын алға шығарды.
 
Лига аясындағы алғашқы ойында «Тобыл» 25 шілде күні 4:1 есебімен еңсе тіктей алмай елге оралған еді. Енді қарымда матчта еуропалық клубқа қарымды қарсылық көрсете алмай есе жіберіп отыр.

Бұған дейін Шымкенттің «Ордабасы» клубы өз алаңында Люксембургтің «Дифферданж» клубынан пенальти сериясында ұтқан еді.