Шабуылшы «Ақтөбе» клубының түлегі
Ресей премьер-лигасында өнер көрсететін «Ахмат» клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовпен төрт жылдық келісімшартқа отырғанын жариялады.
Шабуылшы «Ақтөбе» клубының түлегі. Грозный командасына ауысқанға дейін ол өз клубында 94 матч өткізіп, 18 гол соқты.
«2021 жылдан бері Қазақстан құрамасында ойнайды. Қазақстан құрамасын «Ахматтың» қазіргі бас бапкері Магомед Адиев жаттықтырған болатын. Самородовтың жасы ¬22-де, бойы ¬– 180 см, салмағы – 74», - делінген мәліметте.