Килиан Мбаппе «Реал» сапындағы алғашқы жаттығуын жасады (ФОТО)

Редактор
08.08.2024, 00:55

Корольдік клубтағы оның жалақысы жылына 30 млн еуроны құрайды

instagram.com/realmadrid/

Мадридтік «Реалдың» жаңа шабуылшысы Килиан Мбаппе бүгін ресми жаттығуға кірісті. Сондай-ақ, корольдік клубтың сапына Еуропа чемпионатынан кейін Даниэль Карвахаль (Испания), Джуд Беллингем (Англия), Орельен Тчуамени, Эдуарду Камавинга және Ферлан Менди келіп қосылған.

Айта кетейік, Мбаппе биыл 3 маусымнан бастап ресми түрде «Реал» ойыншысы атанды. Оның жылдық жалақысы 30 млн еуроны құрайды. Сондай-ақ, француз шабуылшысына әр соғылған голы үшін бонус төленбек. Бұдан бөлек, екі тарап арасындағы келісімшартқа 1 млрд еуро көлемінде шегінбелі сома енгізілді. Яғни, мадридтік клуб келісімді бұзған жағдайда шабуылшыға ірі көлемде өтемақы төлейді.

Килиан Мбаппе биылға дейін Париждің «ПСЖ» клубында ойнап келді. Команда ел чемпионатын жеңгенімен, Чемпиондар лигасында сәтсіз өнер көрсетті.

Ал, «Реал» болса Ли Лиганы да, Чемпиондар лигасын да жеңіп, кезекті рекордына қол жеткізді (ЧЛ-ны ең көп жеңген команда).