Зайнутдинов көмектесе алмады – «Бешикташ» «Брюггеден» 0:5 есебімен ойсырай жеңілді

Редактор
01.12.2023, 15:18

Sofascore ресурсы Зайнутдиновты ең пайдасыз ойыншылардың бірі деп бағалады

Vesti.kz

Конференция лигасы аясында өткен кезекті турда Стамбұлдың «Бешикташы» өз алаңында Бельгияның «Брюгге» командасынан ойсырай жеңілді, есеп – 0:5. Жарақатына байланысты ұзақ уақыт емделіп алаңға оралған Бақтиер Зайнутдинов өз командасына көмектесе алған жоқ.

Қазақстандық жартылай қорғаушы Түркия біріншілігінде мұрнын сындырып алып, бірнеше апта емделген болатын. Ол Қазақстан құрамасына Словениямен болған матчта да көмектесе алмады. Ауруынан енді ғана айығып келе жатқан ойыншыны «Бешикташ» бапкері амалсыз алаңға шығарған.

Осылайша, түркиялық команда еуролига ойындарын жалғастырмайды, олар плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен толық айрылды.