Месси ойнайтын «Интер Майами» 2024 жылдың абонементтерін түгел сатып жіберді

Редактор
01.12.2023, 16:48

Бұған Мессидің командаға ауысуы себеп

Globall Look Press

АҚШ-тың Интер Майами» футбол клубы 2024 жылы болатын ойындарына абонементтің бәрін түгел сатып жіберді.

Леонель Месси ойнайтын флоридалық клуб биыл қыркүйекте 2024 жылдың абонементтері екі есеге қымбаттайтынын мәлімдеген еді. Бұған жанкүйерлер тарапынан Мессиге деген қызығушылық себеп.

Ал, матч билеттері турнир ойындарының кестесі белгілі болғаннан кейін ғана сатылымға шығады. «Интердің» стадионы 21 мың орынға шақталған.